Елордада волонтерлер фронт-кеңсесінің ашылу салтанаты өтуде

0
828

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бүгін Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлердің «Birgemiz» республикалық фронт-кеңсесінің ресми ашылуына арналған шара басталды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

ЭКСПО көрмесінің «Art Hub» павильонында орналасқан фронт-кеңсенің ашылуы барысында «QAZVOLUNTEER.KZ» онлайн платформасының қызметі және волонтерліктің «Bilim», «Qamqor», «Úmit», «Sabaqtastyq», «Taza Álem» және «Saulyq» 7 салалық бағыты бойынша алаңдары таныстырылады. Аталған жобаларды жүзеге асыру аясында азаматтардың нақты жергілікті мәселелерді шешудегі талпынысын қолдау үшін шағын гранттар бөлу қарастырылуда.

Фронт-кеңсе бүкіл Қазақстанның еріктілері үшін кеңес беру, әдістемелік, оқыту және ақпараттық орталыққа айналатын болады. Сондай-ақ, ол волонтерлік жобалар мен оқыту бағдарламаларын үйлестіру, мониторинг жасау, волонтерлікті ілгерілету бойынша бірыңғай ақпараттық саясатты жүргізеді және бірыңғай Call-орталықтың жұмысын ұйымдастыратын болады.

Тағы бір айта кетерлігі «Birgemiz» атты республикалық фронт-кеңсесінің ашылу салтанатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты еріктілер қозғалысының құрметті елшісі атанды.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 10 желтоқсанында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жастар жылының жабылу және Волонтер жылының ашылу салтанатында волентерлік жұмыстың негізгі бағыттарын атап өткен болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь