Елордада «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті

0
145

Ұлы Абайдың мерейтойы қарсаңында ҚР ҰҒА академигі Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» атты кітабы жарық көрді, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz  желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Үш мың данамен басылып шыққан тарихи шығармаға Құнанбайдың өмірі мен елге еткен еңбегі арқау болыпты. Ғылыми еңбектің авторы Ерлан Сыдықов осы кітапты жазу үшін Омбы, Новосібір, Шығыс Қазақстан және Орталық Қазақстандағы архивтерді ақтарғанын айтады. Араға біраз уақыт салып ол Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына осындай тарту жасаған. Тарихшы айтуынша, көпшілік Құнанбайды «Абай жолы» романы арқылы ғана таниды.  Ал,  мына кітапта Құнанбайға жеке өзіне  қатысты тарихи деректер топтастырылған.

Айта кету керек,  «Құнанбай» кітабы Мәскеу қаласында орыс тілінде басылып шығарылды. Алдағы уақытта қазақ, қытай, түрік және ағылшын тілдеріне аударылмақ.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь