Танымал актерлар Алмалыбақ оқушыларымен кездесті

0
142

Бүгін Алмалыбақ ауылындағы мектеп-гимназияға Ғ.Мүсірепов атындағы балалар және жасөспірімдер театрының белді актерлары Бақыт Тушаев пен Қуаныш Тұрдалин келді. Мектеп оқушыларын ұлттық таным мен рухани байлыққа, адамгершілікке және дұрыс мамандық таңдауға шақыру мақсатында өткен кездесу оқу орнының басшылығымен ұйымдастырылған болатын, деп хабарлайды karasayinfo желілік басылымы.

Жиын басында кино әлемінің майталмандары өздерін қысқаша таныстыра келіп, өнер жолына қалай келгендігін жайлы әңгіме өрбітті. Қызыға тыңдаған мектеп оқушылары бірінен-бірі сұрақтарын жаудыртты. Олардың ішінде тосын креативті сауал қойғандары спикерлерді ерекше қуантып, өнер жолында болған көптеген қызықтарымен бөлісуге тырысты. Мектеп оқушыларының ішінде «Бажалар» сериалының актерларына өнер адамының бойындағы ең асыл қасиеттер қандай болу керек деген сауал қойған болатын. Бұл сұраққа Қуаныш Тұрдалин ең маңыздысы талғамның биіктігі мен өнерге деген тазалықты сақтау, көп кітап оқу деп жауап қайырды. «Бәсеке» сериалының басты рөлін сомдаушы Бақыт Тушаев болса, жастар арасындағы слоганға айналып кеткен «Армандар орындалады, мақсатың айқын болса!» деген тіркесті кеңінен ашты. Яғни, өз армандарыңа берік болып, соған жетер жолда мақсаттарын айқындап, тоқтамай еңбек ету керек екендігін атап өтті. Оған қоса мектеп оқушылары да арнайы дайындаған саханалық көрсетілім қойып, өнер жолындағы ағаларынан бата алды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь