Еліміздің тағы бір облысында карантин күшейеді

0
211

Маңғыстау облысында 13 қазаннан бастап карантин күшейтіледі, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпарат аталған облыстың бас санитар дәрігерінің Қаулысында белгілі болды. Жаңа Қаулы бойынша тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.

«Жазғы алаңы бар, ашық аулада орналасқан, сондай-ақ ғимарат ішінде жұмыс істейтін, 30-дан аспайтын отыратын орны бар қоғамдық тамақтану нысандары 21.00-ге дейін жұмыс істейді. Ішінде ұжымдық іс-шара, би алаңы мен үстелдерді біріктіруге тыйым салынсын», – делінген Қаулыда.

Сонымен қатар қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.

Қаулыға сәйкес, облыстағы спорт нысандары, фитнес орталықтар мен жаттығу залдарының жұмысы да тоқтатылады.

Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады. Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі.

«Жергілікті полиция қызметі жасырын жүргізіп жатқан отбасылық, ұжымдық іс-шараларды, медициналық маскасыз жолаушылар тасымалдаған қоғамдық көліктерді анықтауға патрульдеу күшейтілсін», – деп те көрсетілген жаңа қаулыда.

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысында Мағжан Жұмабаев ауданында Булаево қаласы мен Есіл ауданының орталығы Явленка елді мекеніне қатаң карантин енгізілген болатын.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь