Еліміздегі сайлау процесін 20 мың байқаушы бақылайды

0
424

Қазақстанда Президент сайлауына бақылау жасайтын байқаушыларды оқытатын тренинг басталды. Оның  барысында шамамен 20 мың тәуелсіз байқаушыны дайындау көзделген, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы   ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап

– «Аманат» азаматтық тұғырнамасы бүгін байқаушыларды дайындайтын капитандарды даярлықтан өткізуге арналған бірінші семинарды бастайды. Бүгін біз ниет танытқан шамамен 30 байқаушыны оқытамыз. Сайлау күні ел аумағында 10 мың учаске жұмыс істейтін болады. Әр учаскені бір-бірін алмастырып отыратын екі  шамамен, барлығы 20 мың байқаушыны дайындауды жоспарлап отырмыз, – деді «Аманат» азаматтық тұғырнамасы штабының мүшесі Мұсағали Дуамбеков.

Оның айтуынша, «Аманат» азаматтық тұғырнамасының мүшелері ертеңнен бастап Қазақстанның барлық өңірлеріндегі байқаушыларға оқыту семинарларын өткізе бастайды.

– Мәселен, біз байқаушыларға қандай аумақта болатынын, егер кабинаға 2 адам кіріп кетсе не талап ету керек, қандай әрекет жасау қажеттігін айтамыз. Сайлау байқаушыларына бүкіл процесті бастан-аяқ жазып алу үшін өздерімен бірге фотоаппарат, камера, батарейка, қуаттандырғыш құрылғы алып жүруге кеңес береміз. Нәтижесінде 10 маусым күні бізде барлық учаскеден жеткілікті видеоматериал болады, – деді ол.

Штаб мүшесінің айтуынша, сайлау процесін жасы 18-ге толған кез келген азамат бақылай алады. Ол үшін штабқа хабарласып, өтінім беру қажет. Байқаушыларға өздері дауыс беретін учаскені таңдауға кеңес береді.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь