Еліміздегі бірқатар мектептер қалыпты режимде жұмыс істейтін болады

0
306

Үкімет отрысында білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанда қандай мектептер қалыпты жағдайда жұмыс істей алатынын айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

– Білім беру ұйымдарын дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл сайын оқушылардың 70 пайызы ЖРВИ-мен ауырады. Педагогтарға КВИ мен ЖРВИ жұқтыру қаупі бар. Алыс аумақтардағы шағын мектептерден басқа барлық мектепте 1-ден 11-сыныпқа дейін оқу жылын қашықтан бастауды ұсынамыз, – деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, балалар баратын мектептерде түрлі сыныптар үшін әртүрлі уақытта өзгерістер енгізу жоспарланып отыр, ал, бір кабинетте көп болса 10-15 адам отыратын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь