Елімізде жаңа телеарна ашылды

0
682

Бүгіннан бастап «BRIDGE TV QAZAQSTAN»   жаңа музыкалық  телеарнасы өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz   желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа музыкалық телеарнаның тұсаукесері  2019 жылдың бірінші желтоқсанында Алматы қаласындағы «Jyl Tańdaýy» ұлттық музыкалық тележүлдесінің барысында өтті. Ал, бүгін таңғы 8:00-де   «ALMA TV» кабельдік операторының желісінде телеарна тұңғыш рет эфирге шықты.

Қалың көпшілікке жол тартқан «BRIDGE TV QAZAQSTAN» – отандық телеарна. Эфирде Қазақстанның үздік әндерімен қатар Ресейдің үздік музыкалық туындылары, концерттер, танымдық, сауықтық бағдарламалар тұрақты  түрде көрсетілетін болады. Телеарна Қазақстан телевизия кеңістігінде кәсіби өнімдердің жаңа толқынын бастауды және музыкалық индустрияны қарқынды леппен дамытуды көздейді.  Аталған мекеменің  тізгіні медиа-менеджер Нариман Қойшыбаевтың қолында. Ол еңбек жолын 2008 жылы «Хабар» Агенттігінде бастаған.  Осы уақытқа дейін «Қазақстан» ұлттық арнасының продюсері, «Ел арна» телеарнасының креативті директоры, «Жетінші арнаның» бас продюсері қызметтерінде болған

Жалпы, «Bridge TV» бренді ресейлік «Bridge media» музыкалық холдингіне тиесілі. «Bridge media» телеарналар тізімінде «Bridge TV», «Bridge Classic», «Bridge TV Deluxe», «Bridge TV Русский хит» және «Bridge TV Hits»-тен кейін  «Bridge TV Qazaqstan» алтыншы болып ашылғалы жатыр.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь