Елімізде мемлекеттік мекемелерге жүгінбей-ақ АӘК тағайындау және мүгедектік мерзімін ұзарту жалғасады

0
315

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ағымдағы жылдың II (екінші) тоқсанында атаулы әлеуметтік көмек (бұдан әрі – АӘК) алушыларға төлемдерді III (үшінші) тоқсанда ұзартуды көздейтін бұйрық әзірледі және қабылдады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектік мерзімін 3 айға автоматты түрде ұзарту көзделген, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Жоғарыда көрсетілген шаралар азаматтардың коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупін азайту мақсатында мемлекеттік инстанцияларда адамдардың жаппай жиналуының алдын алуға бағытталған.
Бірінші кезекте АӘК отбасы құрамы, тұрғылықты мекенжайы және табыс деңгейі өзгермеген отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмекті қайта тағайындау үшін деректер нақтыланатын болады, атап айтқанда тұрғылықты жері бойынша тіркеу (тіркелу), жылжымайтын мүліктің, көліктің болуы, кірістер және басқалары. Егер де отбасы құрамы өзгермеген жағдайда, өтініштер қолда бар деректер негізінде қалыптастырлады. Барлық ақпарат, сондай-ақ, хабарламалар электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы жіберіледі.
II тоқсанда атаулы әлеуметтік көмек алмаған азаматтарға АӘК-ті алғаш рет тағайындау үшін egov.kz порталы арқылы өтініш жіберу қажет. Бұдан әрі жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері құжаттарды мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында тексереді және нәтижесі туралы электрондық пошта немесе мессенджерлер арқылы хабарлайтын болады. Бұл ретте учаскелік комиссиялар көшпелі тексерулер жүргізбейді. Барлық қажетті құжаттар азаматтардан электрондық пошта арқылы немесе мессенджерлер арқылы сұратылады.
Мүгедектік, жалпы және кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі, сондай-ақ, жеке оңалту бағдарламасы, бұдан бұрынғы сияқты автоматты түрде ұзартылады. Бұл шара қайта куәландыру мерзімі шектеу шаралары кезеңіне келген азаматтарға қатысты болады. Мүгедектікті алғаш рет белгілеген жағдайда egov.kz порталында «Электрондық өтініштер» бөлімінде құжаттардың сканерленген көшірмелерімен қоса өтінім беру қажет.
Осы мәселелер бойынша консультацияларды call-орталықтан 1411 нөмірі бойынша алуға болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь