Елімізде «Әйелдер ипотекасы» қандай шарттармен беріледі?

0
229

         Қазақстанда тұрғын үй саласында гендерлік теңдікті жетілдіру мақсатында әйелдерге арналған ипотека жобасы жүзеге асырылмақшы,  деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Азия Даму Банкі» бірлесіп шамамен 4000 әйелге ипотека бермекші.

– Қазақстанда 9,1 миллион әйел бар, олардың 4,4 миллионы жұмыспен қамтылған, жартысы өз отбасыларын өздері асырап отыр. Сондай-ақ, әйелдердің жалақысы ерлердікіне қарағанда үш есеге аз екенін ескеру керек. Бұл әйелдердің ерлерге қарағанда пәтер алу мүмкіндігі төмен екенін білдіреді. Сондықтан біз «Азия Даму Банкімен» бірге қазақстандық әйелдерді қолдай отырып, гендерлік жобаны жүзеге асырмақшымыз,  – деді  «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» басшысы Ләззат Ибрагимова.

Банктегілердің айтуынша, ипотека жобасына жаңа салынған  үйлер, екінші дәрежелі пәтерлер де кіреді. Несиенің ең жоғарғы соммасы  30 миллион теңге, алғашқы жарна  15 пайыз. Бірақ несиеге өтінім білдіруші  әйелдің жалақысы 200 мың теңгеден кем болуы тиіс. Ал жалақысы 200 мың теңгеден асатын нәзік жандар үшін алғашқы жарна  20 пайыз. Пайыздық мөлшерлеме әлі белгісіз, ол туралы кейінірек айтылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь