Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Елімізде енді телебағдарлама арқылы көп балалы отбасылардың баспанасын тегін жөнделеді   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 25 мая 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Елімізде енді телебағдарлама арқылы көп балалы отбасылардың баспанасын тегін жөнделеді   
19:21, 15 мая 2019

Елімізде енді телебағдарлама арқылы көп балалы отбасылардың баспанасын тегін жөнделеді  


Көп балалы отбасыларға көмектесуге бағытталған «Анашым, біз үйдеміз» телебағдарламасы көрермендерге жол тартады, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Sputnik Kazakhstan сайтына сілтеме жасап.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтуынша, аталмыш тележоба көп балалы отбасыларға үлкен көмек болмақ. Сондай-ақ, министр тұрмысы төмен  жанұяларға қолдау көрсету – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі екенін айтып өтті.

– Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі көпбалалы отбасыларға байланысты бастамаларды қолдауға әрдайым дайын. Осы орайда мемлекеттік тапсырыс аясында «31 арнамен» бірігіп «Анашым, біз үйдеміз» атты жаңа жобаны көрерменге ұсынып отырмыз. Мемлекеттен бұл жобаға 130 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы жылдың соңына дейін есептелген. Қалған қаражатты арна басшылығы өзі қосады, – дейді министр Д.Абаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Одан бөлек, ведомство министрі жаңа жоба аясында 20-дан астам отбасының үйі жөнделетенін айтып, көмек ретінде ұйымдастырылған бағдарламаның шарттарын былайша түсіндірді: «Бағдарламаға қатысу үшін отбасында 4 және одан көп бала болуы керек. Олар «31 телеарнаға» өтініш береді. Арнадағы комиссия мүшелері ақылдаса келе, тиісті шешімді қабылдайды. Біз телеарнаға толығымен сенеміз. Жоба аясында 20-дан астам отбасының үйі жөнделеді. Сондай-ақ тележоба Нұр-Сұлтан, Алматыда қалаларында ғана емес, барлық өңірді қамтиды. Егер отбасының тарихы, жазған хаты телеарнаның редакциясына ұнаса, түсіру тобы ауылдарға да барады».

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың сөзін «31 арнаның» бас директоры Юрий Бродский да толықтай түсіндіре кетті.

– Бүгін әлеуметтік маңызы бар «Анашым, біз үйдеміз» жобасының тұсауын кескелі отырмыз. Оның мақсаты — көпбалалы және тұрмысы нашар отбасылардың үйін жөндеп беру және тұрмысын жақсарту. Бағдарламаның бірінші маусымы 24 бөлімнен тұрады. Бағдарлама Қазақстанның барлық өңірінде түсіріледі. Яғни жобаға 24 отбасы қатыса алады. Бағдарлама одан әрі жалғасады деген үміттеміз, – дейді телеарна басшысы.

Бір айта кетерлігі, «Анашым, біз үйдеміз» бағдарламасы ағымдағы жылдың 11 тамызынан бастап «31 арнадан» көрсетілетін болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района