Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Елімізде бірқатар министрлік қайта құрылды   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 19 октября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Елімізде бірқатар министрлік қайта құрылды   
12:55, 18 Июнь 2019

Елімізде бірқатар министрлік қайта құрылды  


Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойылды. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту және тиімділігін арттыру мақсатында бірқатар министрлік қайта құрылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы  Хабар24 сайытына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне  Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып. Ал, Ұлттық экономика министрлігіне Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы функциялары мен өкілеттіктері тапсырылды. Сондай-ақ,  Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне  Ауыл шаруашылығы министрлігінің геодезия және картография саласындағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің елдің инновациялық саясаты, ғылыми-техникалық дамуы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. Яғни, олар Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі етіп қайта құрылады.

Осы жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района