Елімізде қайырымдылық челленджі басталды

0
66

Іс-шараның мақсаты –  зейнет жасындағы және халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын, сондай-ақ карантиндегі медициналық мекемелерді қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы «Хабар 24» сайтына сілтеме жасап.

Акцияға отандық жеңіл өнеркәсіп саласының 200-ден астам өкілі атсалысты. «Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша «ALTYN OIMAQ» ұлттық байқауы Қазақстандағы жүздеген дизайнердің басын біріктіреді.
-Ниетіміз, ел басына түскен қазіргі қиын кезеңде өз үлесімізді қосып, індетті жұқтыру қаупі жоғары азаматтарға көмектесу. Акция еліміздің үш қаласында – Ақтөбе мен Көкшетау, Таразда басталды, – деді «Тұрақты даму және əйелдер кəсіпкерлігін қолдау қоры» қоғамдық қорының басшысы Динара Аллаберген.
Ақтөбе қаласында эстафетаны «ПО Глобал-спецодежда» фабрикасы бастады. Компания өз өндірісіндегі медициналық бетперделерді таратты. Акция аясында Ақтөбеде 500 дана медициналық бас киім, 500 дана медициналық бетперде, 150 дана қорғаныс комбинезоны, 200 дана қорғаныс көзілдірігі, 100 дана медициналық халат, сондай-ақ жалпы сомасы  1 500 000 теңге болатын кір сабын мен орамалдар сатып алынып, таратылды. Таразда 2000-нан аса медициналық бетперде балалар үйіне, қарттар үйіне және вокзал жұмысшыларына, сондай-ақ,
медициналық мекемелер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне таратылды. Көкшетау қаласында 3000-нан астам медициналық бетперде халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобына тарату мақсатында жергілікті әкімдікке тапсырылды.
Айта кету керек, аталмыш іс-шара еліміздің Қазақстан Республикасы Іскер әйелдер кеңесінің өңірлік өкілдіктерінің мұрындық болуымен қолға алынған.
Ал, ұйымдастырушылары: «Атамекен» ҚР ҰКП Іскер әйелдер кеңесі, «Тұрақты даму және əйелдер кəсіпкерлігін қолдау қоры» ҚҚ, Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бойынша «ALTYN OIMAQ» жобасы.
Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 778 863 7360
Web-site: altynoimaq.kz

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь