Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ   - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 17 сентября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ   
20:18, 09 сентября 2019

Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ  


Электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарлар экспортқа шығарылмақ. Бұл жайында бүгін ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Азамат Асқарұлы айтты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

– Электронды сауда арқылы  тауарларды өткізуді дамыту жоспарымыз бар. 2019-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында электронды коммерцияны дамыту жол картасы бекітілді. Ол негізгі үш бағытты қамтиды: электронды саудадағы экспортты ұлғайту; отандық кәсіпкерлерді электронды саудаға тарту және инфрақұрылымды дамыту; тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту және электронды сауданы ілгерілету.  Бүгінде электронды сауда алаңдарының көмегімен қазақстандық тауарларды экспортқа шығару мәселесі қарастырылып жатыр, – деді вице-министр  ведомствоның Мемлекет басшысының таяудағы Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіруге арналған алқа отырысында.

Оның атап өтуінше, 28 тамызда ҚР Сауда және интеграция министрлігі ресейлік «Wildberries» компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Аталған келісім қазақстандық экспорттаушыларға электронды сауда арналарын пайдалану арқылы Ресей, ЕАЭО, Шығыс Еуропа нарықтарына шығуына жол ашады. Аталған компаниямен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қойма кешендерін құру туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізіліп отыр. Бұл Ресей мен Қазақстан арасындағы логистикалық байланысты кеңейтуге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района