Ел игілігі үшін бірлесе жұмыс атқару — міндетіміз

0
285

Әлемдік пандемия уақытында түрлі салада, оның ішінде еліміздің әлеуметтік-экнономика жағында талай өзгерістер орын алғаны белгілі. Осындай сындарлы кезең белең алған шақта ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауынан қазақстандықтар бір жаңалықты күтті деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы көптеген проблемаларды шешу жолында Үкіметке бірқатар тапсырмаларды жүктей отырып, ел ертеңі үшін атқарылар жұмыстарды да атап өтті. Әсіресе, жердің шетелдіктерге сатылмайтындығы, келер жылдан бастап бірыңғай жиынтық зейнетақы қорынан адамдар жинағандарынан баспана алуға жұмсай алатыны, барлық ауылдық жерлерде дәрігерлік амбулатория мен фельдшерлік-акушерлік пунктілердің болатындығы сияқты жан-жақты мәселелердің қамтылғаны көңіл қуантады.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде елдегі қоғамдық кеңестің рөлі зор екеніне тоқталып, оның құрамына түрлі әлеуметтік топ өкілдерін, яғни, мүмкіндігі шектеулі жандарды тарту қажеттігін жеткізді. Менің ойымша, бұл құптарлық бастама деп білемін. Өзім де сондай топқа қатысым болғандықтан, Президенттің бұл айтқандарына толықтай қосыламын. Жалпы айтқанда, ойымыз бен пікірімізді білдіре отырып, ортақ кеңесу арқылы қоғамның талқысындағы мәселелердің шешілуіне атсалыса аламыз деп білемін. Халықтың игілігі үшін жасалатын жұмыстарға бір кісідей қолдау білдіру – әрбіріміздің міндетіміз.

Мемлекет басшысының Жолдау аясында айтқандары жүйелі түрде жүзеге асса, халқымыздың әл-ауқаты арта түсетініне сенімдімін.

Асылбек ЖАЛДЫБАЕВ,

Қаскелең қалалық «Күш-қуат» оңалту орталығының басшысы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь