Экстремизм мен терроризмнің қаупі түсіндірілді

0
148

Бүгінгі танда бүкіл әлемде адамзаттың бейбіт өмір сүруіне және дамуына қандай да қауіп-қатерлер болса, солардың басында діни экстремизм мен терроризм тұр. Сондықтан да елімізде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігінің бірі болып саналады. Осы ретте бүгін ауданымыздағы «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында «Халықты терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз ету» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастырған шараның негізгі мақсаты – облыс бойынша терроризмге қарсы тұрғындардың қауіпсіздігіне және құқық бұзушылықтың алдын алу. Басқосу барысында ҚР ҰҚК Академиясының терроризмге қарсы даярлау орталығының мамандары мектептерден келген ұстаздар мен аудан жастарына аталмыш тақырыпқа байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Облыстық ішкі саясат басқармасының талдау және болжау бөлімінің басшысы Алия Құрманғалиева ашып жүргізді. Жиында аталмыш академияның мамандары әртүрлі слайдтар арқылы Қазақстанның дін саласындағы мемлекеттік саясаты, заманауи ақпараттық технологиялардың қоғамдық өмірдегі орны, ұлттық қауіпсіздік, діни сауаттылық тақырыптарында кеңінен әңгімеленді. Экстремизмнің түрлеріне тоқталып, өмірде болған оқиғалардан мысалдар келтірді. Сондай-ақ, мамандар қоғамдық орындарда, көшелерде «бомба қойылған» немесе террорлық акті болайын деп жатыр деген сияқты жалған ақпарат берген жағдайда адамның қандай жаза алатыны туралы да айтты. Мұнан бөлек шарада осы мәселе бойынша бүгінде біздің елімізде жасалып жатқан жұмыстар жайында да кеңінен мәлімет берілді.

Сонымен қатар, жиын барысында мамандар мұғалімдер мен жастар тарапынан қойылған сұрақтарына жауап беріп, олардың аталмыш мәселені шешудегі айтқан ұсыныстарын тыңдады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь