Екі өңірде блок бекеттер қойылды

0
296

Қазақстанның екі облысында блок бекеттер мен санитарлық бекеттер орнатылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Sputniknews сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы ақпаратты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

– Облыстардың бас санитарлық дәрігерлерінің қаулысына сәйкес екі өңірде 4 блокбекет және 2 санитарлық бекет қойылды. Бұдан басқа, полиция қызметкерлері 299 карантиндік нысанды бақылайды, – деді министр Е.Тұрғымбаев.

Министрліктің мәлімдемесіне сүйенсек, блок бекеттер Атырау облысында, ал санитарлық бекеттер Ақтөбе облысында қойылған.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдары медициналық мекемелердің сұрауымен науқаспен байланыста болған адамдардың мекенжайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь