Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Екі бағытты ұстанған «Спорт KZ» орталығы - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 27 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Екі бағытты ұстанған «Спорт KZ» орталығы
19:53, 12 декабря 2017

Екі бағытты ұстанған «Спорт KZ» орталығы


 

«Шынықсаң шымыр боласың» деген дана халқымыз. Қазіргі кезде, күн санап ауданымызда саламатты өмір салтын ұстануға арналған түрлі спорттық орталықтар ашылуда. Әрине, оның барлығы халықтың сұранысы артқандықтан болар. Олардың әрқайсысы өзінің ұстанған бағыттары мен спорт түрлерімен ерекшеленуде. Бүгінгі біз айтқымыз келіп отырған осындай жаттығу залының бірі – «Алатау» сауда үйінің жанында орналасқан «Спорт KZ».

«Неге қаншама орталықтың ішінен осыны таңдап алды деп?» ойлайтын шығарсыздар. Оның себебі, мұнда дене шынықтыру, заманауи тілде айтатын болсақ «бодибилдинг» пен «муайтай» бойынша әлем чемпионы атанған жандар жаттықтырады. Сонымен қатар, мұнда ауданымыздың намысын байрақты бәсекелерде қорғап, еліміздің ғана емес, дүниежүзілік спорт алаңдарында топ жарған жасөспірімдер де көп екен. Сондықтанда, орталықтың тыныс-тіршілігімен таныстырып өтсек деген мақсатымыз бар. Жалпы, қызыл лентасы 2004 жылы қиылып, халыққа есігін айқара ашқан жаттығу орнының жұмысы жыл санап алға жылжуына септігін тигізіп, негізін қалауға көп еңбек сіңірген азаматтар ретінде Вадим Лопарев пен Разван Халеловтің есімін ерекше атаған жөн. Жаңадан ашылып, іске кіріскенде көптеген  қиыншылықтар болған екен. Оны Разван Абайұлы күліп еске алады бүгінде.

  • Алғаш жұмыс істеп, кіріскенімізде біздің орталықта көптеген құрылғылар жетіспеді. Қазіргіден қарағанда мына бөлмелердің кейбірі бос болып тұратын. Ол жаттығу құрылғыларының кейбірін біз өзіміз қолдан жасатып, кейбірін жарыстарда ұтып орталыққа тасыдық. Сол кезде ең бірінші мақсат, қалайда болмасын орталықтың жұмысын аяққа нық тұрғызу болатын. Иә, бұл мәселе ақырындап шешілгенімен, жаттығу залына келушілерді тарту да көп қиыншылық туғызды. Өйткені, ол кезде жастардың назары біздің орталықтың спорт түріне қатты аумайтын. Бірақ, ақырын-ақырын жас чемпиондар шыға бастағанда келушілердің де қарасы көбейе бастады – дейді ол сұхбат барысында.

Шынымен де, кез келген саланың басын ұстағанда, алғашында оны дамыту үшін сабырлылықтың керек екені баршамызға мәлім. Осындай қиыншылықтарды басынан өткеріп, халық көп келетін орталықтардың  біріне айналдыруға үлесін қосқан Разван Халелов қазіргі кезде «Спорт KZ» жаттығу залының директоры. Ал, оның өзінің өмір жолы туралы айтатын болсақ, ол Қаскелең қаласында туып, өскен. 8 жасынан бастап таэквандомен айналысып, қара белдік алған. Мұнан соң, есейіп колледжде оқып жүргенінде, шамамен 17-18 жасында самбо спорт түріне әуестеніп, көптеген жарыстарда жеңісті орындарға қол жеткізген. Уақыт өте келе би өнеріне де қызығушылығы ашылып, батыстан келген брэйк дэнс биіне құмартқан екен. Ал, енді муайтай жекпе-жегіне көшуіне жақын досы, аталмыш спорт түрі бойынша әлемдік жарыстардың жеңімпазы Вадим Лопарев ықпал етіп, оны үйреткен. Бір қызығы, аталмыш жолдасы Разванның батыстың биін билеуіне таңырқаған ол, өздерінің араларында келісім орнатқан. Вадим тайбокс бойынша білгенін Разванға үйретсе, ал, ол  керісінше өз тәжірибесімен бөліскен. Оның айтуынша, бұл спорт түрін алып кету қиындыққа соқпаған. Бар болғаны үш айдың ішінде үлкен жарысқа шығып, жақсы өнер көрсеткен. Осылайша Разван Халелұлы әлемдік бәсекелерде жүлделі орындар алып, өзінің қойған мақсаттарына жеткен.

Қазіргі таңда, аталмыш салада алған тәжірибесінің арқасында, көптеген шәкірттерді тәрбиелеуде. Оларға муайтайды үйретіп қана қоймай, чемпиондыққа шығарғандары да жетерлік. Орталыққа келетін 40-қа жуық баланың ішінде 15-і чемпион болып үлгерген. Ал, оның 5-і дүниежүзілік жарыстарға шығып, ұстазының мәртебесін көтеріп, жүлделі орындарды иемденген. Бұдан бөлек, муайтаймен бірге бодибилдинг спорт түрін қатар алып жүретін орталықтың директоры осы салада да Вячеслав Никиферов атты жеңімпазды тәрбиелеп шығарған. Атап айтсақ, ол жастар арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы, сонымен қатар, Орталық Азия чемпиондығында да жеңіс тұғырынан көрінген.

Жалпы, орталықтың және оған қатысушылардың беделі мен шеберлігін көтеріп жүрген ұстаздың тыныс-тіршілігі осындай.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района