Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на июнь 2019 года – 270.7 тыс. человек | из них: городское – 63,6 тыс.человек | сельское — 209,5 тыс.человек | Темп роста составляет 100,9 % | Среднемесячная зарплата – 138772 тг. | Величина прожиточного минимума – 31280 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІН ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 19 октября 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІН ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ
10:19, 30 Июль 2019

ЕКІ АЙ БҰРЫН АНАСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН 6 БҮЛДІРШІН ҚОНЫС ТОЙЫН ТОЙЛАДЫ


Елімізде жомарт жандар аз емес. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы, Түрген ауылында осыдан 2 ай бұрын анасынан айырылған 6 бүлдіршіннің жан-айқайына бей-жай қарамаған қайырымды жандар сол  отбасыға жуырда Жаңашар ауылдық округінде 5 бөлмелі үйді сыйға тартты, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желлік басылымы Алматы облыстық өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

Осыған дейін Жұмаділовтар отбасы Түрген ауылындағы 2 бөлмелі жұпыны үйді 15 мың теңгеге жалға алып келген болатын.  Бұл отбасының отанасы Нәзира Қосанова 17 сәуірінен бастап 6 баласына 150 274 теңге мөлшерінде жаңартылған МАӘК тағайындалып, тұрақты алып келе жатқан.   2 ай бұрын Нәзира қайтыс болып, жарынан айрылған    Мұрат Жұмаділов  6 бірдей баласымен жалғыз қалды. Ауыр жағдайда қалған отбасына бірден ауылдық округ әкімшілігі, ауылдың ізгі ниетті тұрғындары тарапынан алғашқы көмек көрсетілді. Мұнан кейін бұл жағдай әлеуметтік желіде таралып, қиын халге түскен жартылай жетім қалған балалардың жай-күйі қайырымды жандардың назарын аудартты. Осылайша, бұл уақытқа дейін бірнеше отбасына көмек көрсетіп жүрген, блогер, жомарт жан Эльмира Ешниязованың бастауымен қайырымдылық қоры ашылады. Нәтижесінде жақында ізгі ниетті азаматтардың үлес қосуының  арқасында үй алуға қажетті қаражат жиналып, Жұмаділовтар отбасына баспана алынды.   Бала-шағасымен жаңа үйге қоныс аударған әке барша халққа, жергілікті әкімшілікке  жүйелі жұмысқа ризашылығымды білдіруді. Басына түскен қиындықты елі боп көтергеніне Мұрат Бұланбайұлының қуанышында шек жоқ.  Қоныс тойларына Түрген ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарып жатқан Ержан  Карибаев келіп құттықтап, көрімдік тарту етті. Ауыл тұрғындарынан жиналған қаражат пен азық-түлік қоса берілді. Жұмаділовтардың отбасындағы баланың ең үлкені 8 сынып оқушысы болса, ал ең кішісі болса 7 айлық бүлдіршін.

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района