«Egov жаршысы» еріктілер қозғалысы

0
206

Ауданымыздың 30-дан астам волонтерлері Қаскелең қаласы, Шамалған, Жандосов ауылдық округтерінде елімізде алғаш пайда болған «Egov жаршысы» атты еріктілер қозғалысы жобаның бағыт-бағдарын түсіндіру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Айта кетейік, жоғарыда аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің бастамасымен, облыстық әкімдік пен жастар саясаты мәселелері басқармасының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының қолдауымен жасалды. Ол электрондық үкімет порталы және мобильдік қосымшалар арқылы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу бойынша халықтың сандық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Осы ретте қарасайлық еріктілері бірнеше күн бойы ауданымыздың аймақтарында аталмыш жобаның тиімділігі мен оны қалай қолдануға болатындығын түсіндіру бойынша ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтар таратуда.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь