Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на март 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған 5 томдық жинақ жарық көрді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 июня 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған 5 томдық жинақ жарық көрді
17:27, 11 июня 2019

«Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған 5 томдық жинақ жарық көрді


Бүгін елордадағы  Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» басылымына шыққан материалдардан құралған «Жүз жылдық жылнама» атты 5 томдық жинақтың тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Egemen Qazaqstan газетінің сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдық мерейтойы аясында өтіп отыр. «Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ-ның басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлінің айтуынша, 1919-2019 жылдар аралығын қамтитын 5 томдық жинақ әзірге 2000 данамен таралып отыр. Бұл жинақ газет оқырмандарына ғана емес, журналистика тарихы мен әдебиеттің өткенін зерттеп жүрген ғалымдарға, кәсіби тарихшыларға да таптырмас құрал болады.

Жинақта 1919 жылдан 1970 жылдар аралығында, «Ұшқын» газетінен бастап «Социалистік Қазақстан» басылымына жарық көрген материалдар топтастырылған. Еліміздің 100 жылдық жылнамасынан хабар беретін кітапта Алаш қайраткерлері мен сол дәуірдің шындығын көрсететін мақалалар толық қамтылған. Осы жылдарда газет басшылары мен қызметкерлерінің көбі репрессияға ұшыраған.

Жүз жылдық межесіне жеткен республикалық басылым – «Егемен Қазақстан» газеті алғаш рет өз оқырмандарының қолына «Ұшқын» деген атпен 1919 жылғы 17 желтоқсанда тиді. Газет өз тарихында «Еңбек туы», «Еңбекшіл қазақ», «Еңбекші қазақ», кейіннен «Социалды Қазақстан», «Социалистік Қазақстан» атауымен жарыққа шықты. Еліміз егемендік алған тұста аты «Егеменді Қазақстан», ал 1993 жылы «Егемен Қазақстан» болып өзгерді. 2018 жылғы наурыздан бастап «Егемен Қазақстан» атауы латын қарпінде Egemen Qazaqstan деп жазыла бастады. Басылымда өткен ғасырдың қырқыншы жылдарына дейін Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Тұрар Рысқұлов, Ораз Жандосов, Ғаббас Тоғжанов, Ғабит Мүсірепов, және басқа да ұлт қайраткерлері басшылық қызмет атқарды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района