Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Еңбек Кодексіне енген өзгерістерді талқылады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 28 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Еңбек Кодексіне енген өзгерістерді талқылады
20:13, 19 мая 2017

Еңбек Кодексіне енген өзгерістерді талқылады


Бейсенбі күні ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, «Алматы облыстық жергілікті агроөнеркәсіп кешені және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Қарасай аудандық филиалы ауқымды семинар-кеңес ұйымдастырды. Ол негізінен Қазақстан Республикасының 2015 жылы  23 қарашада қабылданған Еңбек Кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға, ұжымдық Келісімшарттың жасалуы және орындалуын талқылауға арналды.

Семинар жұмысын аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаев ашып, шараның мән-маңызына тоқтала келе, оған арнайы шақырылған Алматы облысы  жергілікті агроөнеркәсіп кешені қызметкерлері және мемлекеттік мекеме қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Тастан Тоқсейітовты және тәжірибелі заңгер, еңбек қатынасы  жөнінде  тәуелсіз сарапшы Анатолий Лобковты таныстырды. Жиынға сонымен қатар, аудандық кәсіподақ комитетінің құрамындағы кәсіпорындар мен мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің басшылары, заңгерлер, кадр бөлімінің басшылары мен еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жөніндегі инженерлер қатысып отырды.

Алдымен сөз тәжірибелі заңгер Анатолий Харитоновичке беріліп, ол  жаңа ҚР Еңбек Кодексіне енген өзгерістер жөнінде жан-жақты мағлұмат берді. Жаңа заңнамалық құжаттың бұрынғыға қарағанда 152 бапқа азайғанын, бірақ, сол арқылы оның мазмұны қиындай түскенін айтқан баяндамашы  оның кейбір тұстарына тоқталып, кәсіподақ комитеттеріне қатысты мәселелер жайында да кеңінен сөз қозғады. Қысқа қайырғанда, Жаңа Еңбек Кодексі кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын білікті түрде қорғаудың кепілі болмақ. Бір жағынан ол кәсіподақтарға үлкен жүк артып отыр деуге негіз бар. Өйткені, Кодекстің көптеген нормалары ұжымдық шартқа сілтеме жасайды. Сондықтан, ұжымдық шартты біліктілікпен, кәсіби тұрғыда жасақтау керектігі де айтылды.

Өз кезегінде баяндамашыға қатысып отырғандар тарапынан да бірқатар сұрақтар қойылды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района