Домбырамен күй шығаратын түрік жігіті

0
168

Қазіргі таңда елімізде домбыра шертетін өзге ұлт өкілдерінің қатары көп. Солардың бірі жерлесіміз, үшқоңырлық түрік жігіті Сабир Гусейнов қазақтың көне аспабын жанына серік етіп, ел ықыласына бөленген танымал домбырашы. Күмбірлетіп күй төгіп жүрген Сабир жақында, яғни, қараша айының 25-і күні елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсіміне қатысып, тағы да өнерімен көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Нақтырақ айтсақ, ол осы аталмыш шараның ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде шақырылып, жиналған дүйім жұрттың алдында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап өзінің шығарған «Үшқоңыр» күйін орындап, көпшілікке керемет әсер сыйлады.

25 жасар Сабир он жылдан артық домбыра тартып, «Батыр», «Ақсақал», «Жарасым» сияқты бірқатар күй шығарған, оларын шет елдердің үлкен сах- наларында талай рет орындаған. Қазіргі таңда «Ahiska» Бүкіләлемдік түріктік ассоциациялары Президентінің мәдени кеңесшісі болып жұмыс істейтін Сабир болашақта продюсерлік орталық ашып, өзінің «Жас өнер» атты күй альбомын да шығарайын деп отыр.

«Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» десек те, ұлты басқа бола тұра домбы- раны жанына сенімді серік етіп, күй шығарып, қазақ мәдениетін жан-жақты насихаттап жүрген Сабирға өнерде ғана емес, өмірде де тек сәттілік тілейміз!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь