Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Дін өкілдері спорттық сайысқа түсті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Дін өкілдері спорттық сайысқа түсті
22:11, 12 июля 2018

Дін өкілдері спорттық сайысқа түсті


Жақында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысында 2018-2022 жылдарға арналған «Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік» бағдарламасын мақұлдаған болатын. Жаңа бастама қолға алынып, қазір, мемлекетіміздің барлық аймақтарында әртүрлі іс-шаралар өтуде. Мәселен, бүгін біздің аудандағы Қаскелең қаласында орналасқан Алтын ауыл орта мектебінде «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы» атты ерлер арасында IV спартакиада өтті. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру және облыстағы дін қызметкерлері арасында дене тәрбиесі мен бұқаралық спортты дамытуты мақсат еткен басқосуға Алматы облысы дін істері басқармасы дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының мамандары септігін тигізді.

Жалпы, бұл ойынға бес командадан тұратын 100-ге жуық адам қатысты. Футбол, волейбол, арқан тартыс, шахмат және теннис спорт түрлері бойынша бақ сынасқан ойыншылардың қатарында облыс жастары, мешіт имамдары, ниет білдіруші жамағат пен христиан діни бірлестіктерінің жетекшілері болды. Ең алдымен, іс-шараның ашылу салтанатын жоғарыда аталған орталықтың директоры Нұрлан Әдетбеков ашып, барлығына сәттілік тіледі. Мұнан соң, жасөспірімдер және балалар спорт мектебінің директоры Валерий Хациев қаз қатар тізілген спортшыларға ережені түсіндіріп, төрешілерді таныстырды. Сонымен, барлық спорт түрі бір мезетте бастау алып, сайыскерлер дайындықтарын дәлелдеуге көшті. Ең керемет ойынды «Бауырлар» командасы көрсетіп, барлығынан озат шықты. Олар волейбол, теннис және футболдан бірінші орынды жеңсе, арқан тартыста екінші орынға табан тіреді. Ал, жергілікті провослав шіркеуіне келушілерден құралған «Жас таулар» командасы да артта қалмай, волейбол мен теннистен екінші орынды қанжығаларына байлады. Ең соңғы үштікте волейбол мен шахматтан Алматы өңірі бойынша «Өмір бұлағы» елуіншілер шіркеуінің өкілдерінің комадасы «Қайрос» алса, теннистен мешіт жамағатынан құралған «Қыран» тобы алға шықты. Ал, футбол мен арқан тартыста мешіт келушілерінен жиналған «Түркістан» тобының ойыншылары мықтылық танытып, үшінші орынға тұрды. Барлық жеңімпаздар өз дәрежесінде бағалы сыйлықтармен марапатталып, мерейлері үстем болды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района