Димаш Құдайберген Қытайда тағы бір марапатқа ие болды

0
105

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген  «Жылдың үздік әншісі» номинациясы бойынша   «JSTYLE Exquisite Annual Awards» сыйлығын алды.  Бұл туралы әртіс өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жазды, деп хабарлайды  Karasayinfo.kz желілік басылымы  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.    

– Мен  «Жылдың үздік әншісі» аталымы бойынша  JSTYLE марапатына ие болдым. Белгілі себептерге байланысты бүгін сіздердің алдарыңызда өз өнерімді көрсете алмадым. Аладағы уақытта барлықтарыңызды жаңа әндеріммен қуантатын боламын. Түсіністікпен қарағандарыңызға рақмет! Dears! Сіздерді жақсы көремін!» –  деп жазады қазақстандық әнші өзінің Instagram парақшасында. Димаш Құдайбергенге бұл жүлде Қытайдың Пинъяо қаласындағы Шаньси провинциясында табыс етілген.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь