Әділетті қоғам қағидасын арқау етті

0
163

Осыдан екі күн бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқына деген кезекті Жолдауын жариялаған болатын. Бұл жолғы Жолдауында Президент халықтың көкейінде түйінделіп, көптен шоғырланып, шешуін күтіп жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, нақтылы міндеттерді тапсырды. Оның ішінде елімізде соңғы жылдары ұмытыла бастаған əділетті қоғам қағидасы, заң үстемдігі, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беру секілді ұғымдардың жаңа тұрғыдан айтылуы өте өзекті. Құқық қоргау органының қызметкері ретінде осы салаға байланысты енгізілетін жаңа реформаларды мен толығымен қолдаймын. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» осы тұжырымдаманы негізге ала отырып, құқық қорғау қызметкерлері мен халықтың арасындағы  ашық диалог жүргізуді қалыптастыру оң шешім деп санаймын .

Жолдауда Мемлекет басшысының  Қазақстанда құқық қорғау органдарының үш буынды моделін енгізуді тапсыруы да өте орынды. Бұл тәсіл әр кезеңде істі сүзгіден өткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап қылмыстық істер бойынша прокурорға адамның құқығы мен бостандығына қатысты негізгі іс жүргізу шешімдерін келісу міндетін заңды түрде жүктеу қажеттілігін көтерді. Мұнан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлының учаскелік инспектордың мәртебесін көтеруі, оның өнімді жұмысына тың серпін берері сөзсіз.

Нақтырақ айтқанда, енгізіліп өзгерістердің барлығы да құқық қорғау органдарының жұмысын жақсартып, еліміздігі орын алып жатқан қылмыстарды ашуға және санын азайтуға бағытталған.  Осыған сәйкес ауданымыздағы соңғы сегіз айдағы криминалдық ахуалдың статистикасы бойынша  қылмыс саны өткен жылмен салыстырғанда 22,1 % төмендеп, ал, оның ашылуы 6,3 % жоғарылаған. Сонымен қатар, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру 36,4%, ұрлықтың барлық түрлері  27,8%, мал ұрлығы                                                   -25,0%-ға төмендеді, тонау  39,6%,  қарақшылық 5,3 көлік ұрлығы                                                -26,5%, бұзақылық  24,4% азайған.  Бұл нәтиже біздің аудандағы құқық қорғау органдарының жүйелі жұмыстарының көрінісі. Жолдауда  Мемлекет басшысының құқық қорғау саласына  жүктеген тапсырмалары, алдағы уақытта жұмысымыздың сапасын олан әрі арттыруға бағыттайды. Енді осы міндеттерді атқаруға баршамыз жұмыла кірісетін кез келді.

Болат   Тотыбаев,

Қарасай ауднадық Полиция

басқармасының  басшысы,

 полиция майоры  

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь