Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Диірмен ісі алға дөңгелеп келеді - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 16 августа 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Диірмен ісі алға дөңгелеп келеді
19:01, 27 июля 2018

Диірмен ісі алға дөңгелеп келеді


Шамалған ауылының тұрғыны Кошали Асланов әмбебап диірмен құрылысын 2013 жылдан бастап қолға алған. Ондағы басты мақсаты – ауданымыздың ғана емес, жалпы еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға өзіндік үлес қосып, шаруалардың ілкімді істерін алаңсыз алға дамытуына жағдай туғызу еді. «Талпынған жетер мұратқа» дегендей, бірнеше жыл төңірегінде төгілген тер, жұмсалған күш-қуат пен жасымаған жігер бүгінде өз нәтижесін бере бастағандай. Олай дейтініміз, Алматы-Бішкек күре жолының бойындағы Шамалған елді мекеніне қарайтын аумақта орналасқан «Үшқоңыр ұн» диірменінің былтырдан бері толығымен іске қосылып, бүгінде өндіріс қарқыны біртіндеп күшейіп келе жатқан жайы бар.

Қазір мұнда жиырмадан астам жергілі тұрғын жұмыспен қамтылған. Жалпы, қуаттылығы тәулігіне 50 тонна дәнді дақыл, 80 тонна мал азығын дайындауға еркін жететін өндіріс орынында барлық үрдіс құрылғылар атқарады. Технологтар іс барысын қатаң қадағалап, еңбеккерлер дайын ұнды қаптарға құйып алып, жинап тұрады екен. Ауыр жүк көліктері кіріп бидайды төккен соң ол жақсылап жуылып, кептіріліп, арнайы бөшкелерге сұрыпталып, тартыла бастайды. Бес қабатты зәулім ғимаратындағы бірде жоғарыдан төмен, бірде керісінше төменнен жоғары жүретін тынымсыз тіршіліктің жүйелі жолға қойылғаны байқалады. Әрине, бұған білікті басшының сан жылдар төңірегінде жинаған тәжірибесі де өз септігін тигізгені анық.

  • Айналамызда жылдап жер шаруашылығымен айналысып келе жатқан еңбеккерлер аз емес, — дейді Кошали Сабырұлы бізбен әңгімесінде. – Піскен дәнді дақылдарды жинап, оны өткізуге келгенде қиындықтар қылаң бере бастайды. Әсіресе, шалғайдағы диһандар көлік жалдап, жиған-тергенін Алматыға апарады. Кейде ол жақтағылар дақылдарды қабылдамай қайтаруы да мүмкін. Осындай жағдайларды ескере отырып, бір жағынан көптен бергі арманымды жүзеге асырғым келіп, тәуекелге бел будым. Өзіміздің отбасылық бір гектар жерімізге диірмен сала бастадым. Түріктің «CIFT KARTAL» құрылғысын сатып алдық. Әрине, бұл ретте қаржылай қолдау көрсеткен серкітесім Мұстафа Боранның еңбегі зор. Былтырдан бері құрылыс толық аяқталып, іс жүре бастады. Әрине, әлі де түзетер кемшін тұстарымыз, жүзеге асырар жоспарларымыз аз емес. Десек те, біздің диірменнен «Үшқоңыр ұн» маркасымен өндірілетін ұнды іздеп сатып алатындардың қатары көбейіп келеді.

Бұл үлкен қуаныш әрі еңбегіміздің алғашқы жемісі деген ойдамын, – дейді Кошали Асланов.

 

Шынымен де, қазіргі таңда жергілікті тұрғындар диірменнен шығатын жоғары, бірінші сұрыпты ұнды, тандыр және қара нан ұнын нарықтан төмен тиімді бағаға ала алады. Жеке зертханасы жұмыс істейтін өндіріс орны сапа талаптарын назардан қалт жібермейді. Себебі, қыруар қаражат жұмсалып, бірнеше жыл көлемінде аяққа тұрғызып келе жатқан зауыттың келешегі тек жақсы нәтижеде, сапалы ұнда екені белгілі. Сондықтан, алдағы кезде өндіріс қуаттылығын тәулігіне 120 тоннаға дейін өсіруді мақсат еткен шамалғандық шаруа күндердің күнінде Елбасы туған өңірді, өсіп-өнген топырақты жаңа бренд арқылы алыс-жақын шетелдерге де таныта түсетініне бек сенімді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района