Депутаттық фракция мүшелерінің отырысы өтті

0
216

Жиын барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтің барысы талқыланды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Бүгін аудандық әкімдіктің мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында депутаттық фракциясының отырысы болды. Қарасай аудандық депутаттық фракция мүшесі – Қ.Баяманов төрағалық еткен отырыста «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбы сөз етіліп, жан-жақты талқыланды.  Жиынға қатысушылардың қатарында «Nur Otan» партиясының және депутаттық фракцияның мүшелері, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия төрағалары, сондай-ақ, бөлім басшыларымен қатар, қалалық, ауылдық округтердің әкімдері де болды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша алдымен аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бойынша есебі тыңдалды. Онда Елбасының Жолдауындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметердің ашықтығы мен халықтың ақпаратқа қол жетімділігі сөз етілді. Сондай-ақ, ағымдағы жылы ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің 80%-ы, ал, 2020 жылы 90% электронды форматқа көшірілуі тиіс екендігі де түсіндірілді. Аудан әкімі өз есебінде бұл айтылғандардан бөлек, қызметтің сапаның артуына байланысты аудан ішінде атқарылатын іс-шаралар мен оның түрлі деңгейдегі насихаттау жұмысына да тоқталды.

Жиын соңында фракция мүшелеріне күн тәртібіндегі қаралған мәселе бойынша шешім қабылдауға ұсыныс білдіріліп, ескертулер мен толықтырулардың болмауына байланысты аудандық депутаттық фракция мүшелері дауыс беру рәсімімен  шешім толық қабылданды.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь