Денсаулық үшін саламатты өмір салтын таңда

0
1125

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні болып, елімізде жыл сайын  аталып келеді. Жалпы, барша халықты саламатты өмір салты мен денсаулығын жақсартуға шақыратын күн бүгін Абай мектебінде өз деңгейінде аталып өтті. Шараны Алматы облыстық филиалының аудандық ұлттық сараптама орталығы «Денсаулық үшін саламатты өмір салтын таңда» акциясы аясында ұйымдастырып, оның мамандары бастауыш сынып оқушыларына бірқатар пайдалы жұмыстар жүргізді.

Шара барысында орталық маманы, зертханашы Клара Самылтропова  бүлдіршіндерге гельминт жұмыртқалары жайлы кеңінен ақпарат берсе, дәрігер лаборант Әсем Жақанбаева олардың оқу және ойнау орнындағы жарық жүйесінен мөлшерін тексеріп, олардан келетін залалдары жайлы талдау жасады. Сонымен қатар, дәрігер бактериолог Гүлфарида Амзеева балаларға тазалықтың пайдалы тұстарын айтып, сабақ жүргізді. Бұдан бөлек, ақ желеңділер кішкентай балақайлармен таза ауада флешмоб өткізіп, әртүрлі дене шынықтыру жаттығуларын жасады. Сондай-ақ, мұндай игі іс-шаралар «Жанұя» медициналық орталығы мен аудандық орталық ауруханасында да ұйымдастырылып, өткізілді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь