Денсаулық сақтау вице-министрі қамауға алынды

0
211

Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев қамауға алынды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл ақпаратты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті растады.

«Бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевті Экономикалық тергеу қызметі қамауға алды», — деп мәлімдеді комитет.

Қазіргі таңда вице-минстрге қарсы тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің мәліметтері жария етілмейді. Айта кетсек, Олжас Әбішев 2018 жылы Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалған. Ол цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жауап берді.

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь