Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Дельфилік ойындар өтуде - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Вторник, 19 июня 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Дельфилік ойындар өтуде
9:49, 29 марта 2017

Дельфилік ойындар өтуде


Кеше Қаскелең қаласындағы Абай атындағы орта мектеп гимназиясында оқушылар дельфилік ойындардан сынға түсті. Онға жуық Қарасай ауданының білім ордасынан келген талапкерлер вокал, сәндік қолданбалы және бейнелеу өнері, веб- дизайн, эстрада биі номинациялары бойынша бақ сынады. Бұл шараның іске асырудағы басты мақсат – жасөспірімдерді шығармалық пен өнерге баулу әрі дамыту және кеңінен насихаттау. Осы ретте бірнеше жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ойындардың өтуіне мұрындық болған облыстық басқарманың нұсқауымен аудандық білім бөлімі екенін ескереген жөн.

Дельфилік ойындар барысында аймақтық кезең қорытындысында өңірлік деңгейге бірнеше қатысушылар жолдама алды. Вокал бойынша Әлімқұлов мектебінен Гүлшат Сариева, Абай мектеп- гимназиясынан Айя Шамұратбекова, Алмалыбақ мектеп гимназиясының намысын қорғай келген Адель Райымбек сәндік қолданбалы өнерден, ал, веб- дизайн номинациясында Анна Симоненка, эстрада биінен Үшқоңыр орта мектебінің «Арай» би ансамблі және бейнелеуден Әлімқұлов мектебінің атынан сынға түскен Рафик Рафатов келесі кезеңде де өнер көрсететін болады.

Тағы бір айта кететін жайт, бұл ойындардың дельфилік деп аталу тарихы көне Грекиямен байланысты. Ол ерте заманда Дельф қаласынан бастау алған жарыстың құрметіне берілген. Ұзақ уақыт тоқтап тұрған бұл ойын түрлерін XX ғасырда Кристиан Кирш қайта жаңғыртқан.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района