Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Декларация кезең-кезеңімен болады - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 18 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Декларация кезең-кезеңімен болады
19:20, 01 апреля 2019

Декларация кезең-кезеңімен болады


Елімізде жалпыға бірдей декларацияға көшу екі жылға шегерілді, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінде жария болды.

Қолданыстағы заңнамаға байланысты 2020 жылғы 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары Жалпыға бірдей декларация тапсыруды енгізу көзделген. Осыған орай, заңнамалық базаны, ақпараттық жүйелерді дайындау, уәкілетті органдардың деректер базасын өзектендіру, өңірлерде пилотты өткізу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Жоғарыда аталған пилоттық жоба Қарағанды облысының Осакаровка ауданында іске асырылып, оның нәтижелері әлі де қосымша жұмысты қажет екенін көрсетті.
Осыны ескере келе, ҚР Қаржы министрлігі Жалпыға бірдей декларация тапсыруды кезең-кезеңімен жүзеге асу бойынша ҚР-ның Үкіметіне төмендегідей ұсыныс енгізді:

  • І кезеңде, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген тұлғалар және олардың жұбайлары декларация тапсыруды бастау ұсынылады.
  • ІІ кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері (оның ішінде білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т.б. салаларды қоса алғанда) және олардың жұбайлары.
  • ІІІ кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары.
  • IV кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықтың қалған санаттары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района