«Дара жол» атты кездесу кеші

0
1634

Ұлан ауылының орта мектебінде ауданымыздың құрметті азаматы, «Айгүл» ЖШС-нің директоры Серікхан Әділхановқа арналған «Дара жол» атты кездесу кеші өтті.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында болған іс-шараның мақсаты өткен мен бүгінгіні сабақтастыру. Оған Серікхан Сәметұлының алғашқы ұстаздары, Жамбыл ауылдық округінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Амангелді Толынбеков, білім ордасының ұстаздары мен оқушылары қатысты.

Мектеп ұжымы ұйымдастырған шарада кәсіпкердің өмірі мен еңбек жолын оқушыларға жете таныстырылып, жеткен жетістіктері туралы бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, шара барысында халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайта отырып, еліміздің өркендеуіне сіңірген ұзақ жылдары өлшеусіз еңбегі, ұлағатты өнегесі және көптеген қайырымдылық қолдаулар көрсеткені үшін «Бейбітшілік әлемі» халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі ұйымы атынан «Ел ардақтысы» медалімен марапатталды. Одан бөлек жаны жомарт Серікхан Сәметұлына өзі білім алған мектебінің құрмет грамотасы да табысталды.

Кездесу соныңда білімгерлер өз қолдарымен салған суреттерін сыйға тартты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь