Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Дайын құжаттар үйге жеткізіледі - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Четверг, 19 июля 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Дайын құжаттар үйге жеткізіледі
22:30, 07 апреля 2017

Дайын құжаттар үйге жеткізіледі


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы «Қазпошта» АҚ-мен бірлесіп дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметін іске қосуда. Енді қазақстандықтардың дайын құжаттарды алу үшін ХҚКО-ға барудың қажеті жоқ, кез келген көрсетілген орынға, үй болсын, кеңсе болсын, курьер жеткізіп беретін болады.

Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және  дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негізде көрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.

Бұл жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған. «Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады. Алайда, ХҚКО-ға келмей рәсімдеуге болмайтын қызмет түрлері де бар.

Бүгінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуға ыңғайлы болатын барлық жағдайларды жасауда, атап айтқанда ХҚКО-ларда күту және рәсімдеу уақыттарын қысқарту, электрондық кезектің, бейнекамераның жұмыс істеуі, сондай-ақ ХҚКО-лардан  қызметті алуда жайлылық жағдайларының жаңа мүмкіндіктері қарастырылуда.

Мемлекеттік корпорация алдағы уақытта интернет, телефон, ұялы байланыс және т.б. арналар арқылы тағы да бірнеше сервистер мен жобаларды енгізуді жоспарлап отыр.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района