Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Дұрыс тамақтанудың жолдарын үйретті - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 26 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Дұрыс тамақтанудың жолдарын үйретті
12:24, 12 апреля 2017

Дұрыс тамақтанудың жолдарын үйретті


Қазіргі таңда кейбір адамдар дұрыс тамақтанудың пайдасын білмегендіктен, көп жағдайда иммунитетінің әлсіреуіне байланысты әртүрлі ауруларға шалдығып, онымен қоса, дене мен психикалық дамудың бұзылуына ұшырап жатады. Осы мәселеге назар аудартып, оның алдын алуға және жас ұрпаққа дұрыс мағлұмат беру мақсатында, жуырда аудандық орталық аурухананың дәрігерлері Райымбек  ауылдық округінде орналасқан  Әзірбаев орта мектебінде «Мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру» тақырыбында денсаулық сабағын өткізді.

Сабақ барысында, негізінен ата-аналар мен мұғалімдер оқушыларға ас ұсыну мен оның тәртібі туралы жеткілікті ақпарат беру керектігі, яғни, соның нәтижесі олардың дамуына көп ықпал ететіндігі туралы айтты. Жалпы, аудандық аурухананың дәрігер-валеологы Дана Таждинованың ескертуі бойынша, балалар түрлі астық тұқымдас көкөністер мен жемістерді, ет, сүт және балық өнімдерін көп тұтынулары қажет екен. Өйткені олар адам ағзасына өте пайдалы. Бұдан бөлек, ақ желеңділер мектеп оқушыларына дұрыс, сапалы тамақтанудың бірқатар пайдалы тұстарын да айтып, қазіргі кезде артық салмаққа душар қылатын тағамдардың түрлерімен де таныстырды.

Жиын соңында, балалар өздерін толғандырған сұрақтарына толыққанды жауап алып, ал, дәрігерлер өз тарапынан оларға зейін қойып тыңдағандары үшін алғыстарын білдірді.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района