Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на январь 2019 года – 271.0 тыс. человек | из них: городское – 64,3 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 100,5 % | Среднемесячная зарплата – 134301 тг. | Величина прожиточного минимума – 29707 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Д.А. Қонаев атындағы еркін күрестен ашық турнир - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Суббота, 20 апреля 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Д.А. Қонаев атындағы еркін күрестен ашық турнир
20:28, 12 января 2019

Д.А. Қонаев атындағы еркін күрестен ашық турнир


Осы жылдың алғашқы спорттық жарысы ретінде бүгін ауданымызда өткізілген мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаев атындағы ашық турнирді айтуымызға болады.  Еркін күресті серік еткен жастар Қаскелең қаласындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өзара бақтарын сынады. Сайыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Жандарбек Далабаев өзі қатысып, жас спортшыларға алғашқы болып сәттілік тіледі. Одан бөлек, құрметті қонақтардың қатарында Мәскеу олимпиадасының чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ыбрайымов және Алматы облысының денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев сынды үлгі тұтар ағаларымыз болды. Екі күнге жалғасатын айтулы додаға әр өңірден, қалалардан және Қырғызстан елінен жас балуандар жиналды.

Жасөспірімдердің салмақ дәрежесі әртүрлі болғанымен, 2005-2007 жыл аралықтағы ұл-қыздардың боз кілемдегі спорттық шеберлітері көпшілікті тәнті етті.  Турнир екі күнге созылғандықтан, жарыстың жеңімпаздары соңғы күнде анықталатын болады.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района