Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на декабрь 2018 года – 264.3 тыс. человек | из них: городское – 64,6 тыс.человек | сельское — 205,8 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.«Ces for You» орталығы (Видео) - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 20 Январь 2019   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
«Ces for You» орталығы (Видео)
23:21, 13 декабря 2018

«Ces for You» орталығы (Видео)


Жас ұрпақтың білім жолындағы болашағын ағылшын тілінсіз елестету мүмкін емес. Осыған орай, қазіргі таңда елімізде шет тілін үйрететін орталықтар мен мектептер көбеюде. Солардың бірі ретінде республика бойынша үздік деп саналатын ауданымыздағы «Ces for You» халықаралық ағылшын тілін үйрету орталығын айтсақ болады. Өткен жылы «Лидер года» марапатына лайық деп танылса, жуырда «Гордость образования 2018» атағына ие болды.

2013 жылы алғаш рет Қаскелең қаласында ашылған бқл орталықтың бүгінде Астана, Шамалған, Ұзынағаш, Алмалыбақ, Есік қалаларында 11 филиалы жұмыс істеп тұр. Мұнда оқытушылар ағылшын тілімен қатар, балаларды ментальды арифметикаға, каллиграфия мен бастауыш сыныптарды үйрететін пәндерді тереңдетіп оқытады.

Шах (Бізде оқу бағдарламасы сегіз деңгейге бөлінеді, Beginner деңгейінен бастап Business proficiency деңгейіне дейін жүргізіледі. Оқу бағдарламасы бойынша жаз мезгілінде Ұлы Британия және Малайзия мемлекеттеріне бір айға оқуға барады.)

Бүгінде мұнда 100-ден астам бала білім алуда. Солардың бірі «көшбасшы топта» оқитын Жанали Көпжасаров сабақтан тыс уақытта осындағы арнайы курсқа келіп, қатысады.

Жанәли (Бұл орталық мен сияқты балаларға болашақта өзі оқығысы келетін шет елдегі жоғарғы оқу орнына түсуімізге үлкен мүмкіндік береді.)

Мұндағы білікті мамандар сапалы білім беріп, саналы ұрпақ тәрбиелеуге өз үлестерін қосып жүр. Орталықтың ендігі мақсаты шет тілін еркін меңгерген білімгерлер санын көбейту. Сюжетті дайындағандар: Ақтоты Мырзабекқызы, Бақдәулет Талипов.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2019 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района