Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бюро отырысында бірқатар мәселе қаралды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 19 декабря 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бюро отырысында бірқатар мәселе қаралды
16:41, 17 ноября 2017

Бюро отырысында бірқатар мәселе қаралды


Елбасының тапсырмаларын жүзеге асырып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына бақылау жүргізу – нұротандықтардың басты міндеттерінің бірі болып табылады. Осы мақсатта бүгін «Нұр Отан» партиясы Қарасай аудандық филиалының ғимаратында партияның саяси кеңесінің бюро отырысы өтіп, күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Жиынға филиал төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек төрағалық етіп отырды. Алдымен сөз  «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының»  орындалуы туралы баяндау үшін сөзді аудандық жұмыспен қамтуды орталығының басшысы Э.Тасыроваға берді.

Аталған бағдарламаның үш бағыты бойынша ауданда атқарылған жұмыстар жайлы жан-жақты айтып берген Эльмира Алтынбекқызы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында осы жылдың басынан бері 3447 азамат еңбекпен қамтылғанын, мүмкіндігі шектеулі жандар да жоба шеңберінде қолдарынан келетін іске тартылып, кәсіптерін ашып, қайта даярлау курстарына жіберіліп жатқандығын да жеткізді.

Елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі, халықты жұмыспен қамтуды арттырудағы және республиканы экономикалық дамытудағы ауыл шаруашылығының рөлін арттыру мақсатында Мемлекет Басшысы Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі 2013 — 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасы әзірленген болатын. Ал осы бағдарлама төңірегінде ауданымызда қолға алынып жатқан жұмыстар жайында аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы С.Жарқымбаев баяндады.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша қарасайлық тауар  өндірушілер де  мемлекет  тарапынан  қолдау  көріп жатқандығын нақты дерек-дәйектер арқылы дәлелдеп берген Сырым Ақылжанұлы биылғы жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары жоспарға сай жүзеге асқандығын да мәлімдеді.

Отырысқа қатысып отырған аудандық мәслихат хатшысы Айтбай Көшкімбаевтың, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаевтың, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Сағат Мәсімақыновтың тарапынан баяндамашыларға қойылған сұрақтар аз болмады. Сонымен қатар, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері іс барысына қатысты өздерінің ескертпелері мен ұсыныстарын да айтты.           

Бұдан бөлек, күн тәртібіндегі өзге де мәселелер қаралып, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиал жанындағы партиялық бақылау комиссиясының және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің құрамына өзгеріс енгізіліп, жаңа құрамдар бірауыздан сайланды. Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района