Бурабай мен Зерендіге блокбекет қойылады

0
265

Ақмола облысының туристік аймақтары демалушылар үшін 24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін жабылатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Коронавирус жұқтыру дерегінің көбеюіне және демалушылар арасында азаматтық жауапкершіліктің төмен деңгейіне байланысты Ақмола облысының туристік аймақтары 2020 жылдың 24 шілдесі сағат 00.00-ден 3 тамыздағы сағат 00.00-ге дейін жабылады», – делінген Ақмола облысының туризм басқармасының Instagram-дағы хабарламасында.

Туристік аймақтарға кіру кезінде периметрі бойынша блокбекет орнатылады және автокөлік қозғалысы шектеледі. Бұрын келген туристер қонақүйлер мен санаториялық-курорттық нысандарда қалады. Демалыс аймағында жүрген адамдар маска тағу тәртібін және әлеуметтік қашықтық ережесін сақтауы қажет. Отельелерге брондауға өтінімдерді қабылдауды жүргізуге тыйым салынады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін санаториялық-курорттық объектілер күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, жұмысын жалғастырады. Жалға алынған жағажайлар, сауналар, қонақүйлер жанындағы бассейндер қызметіне тыйым салынады. Сондай-ақ, су айдындарының жағалау сызығында орналасқан ойын-сауық және сауда орындарының, қайық станцияларының жұмысы тоқтатылды.

Шектеу шаралары үнемі ерекше бақылауда болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь