«Black Star» лейблінің әншісі Талдықорғанға келмек

0
417

Ресейлік музыкалық жобада жұлдызы жанған қазақстандық әнші Назима Жәнібекова 20 шілде күні Талдықорған қаласында жеке концертін бермек, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Отандық әнші «Песни» байқауында жоғары ұпайды жинап, «Black Star» лейблінің басшысы Тиматидың назарына іліккен. Бұған дейін Назима көптеген ән байқаулардың жеңімпазы болып жүрседе, шоу бизнесте өзіндік орнын таба алмағаны баршаға мәлім. Алайда, ресейлік рэпердің командасында жүріп, көптеген хит әндерімен тыңдаушыларын таң қалдыруда. Мәселен, соңғы Тиматимен бірге сомдаған жаңа «Нельзя» әні Youtube арнасында 15 млн-ға жуық қаралым жинаған. Сондай-ақ, аталмыш топтың мүшесі Скруджимен дуэт боп айтқан «Real one» әні де 16 млн қаралымға жеткен. Назима Шымкент қаласының тумасы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь