Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бизнес бастаудың бағыты айқындалды - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Среда, 14 ноября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бизнес бастаудың бағыты айқындалды
23:38, 23 октября 2018

Бизнес бастаудың бағыты айқындалды


5 қазан күні «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасымыздың кезекті Жолдауы жарияланды. Мен Қазақстан Республикасының азаматы ретінде осы бағдарламаны қолдап отырмын. Себебі бұл жолғы жаңа бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін арттыру, білім беру, денсаулық сақтау саласы, тұрғын үй сапасы мен қолжетімділігі сияқты бүгінгі күннің өзекті мәселелерін шешу жолдары көрсетілген.

Жолдаудың «Халық табысының өсуі» атты бірінші бөліміндегі «Адам еңбекқор болып, өз кәсібін жақсы меңгергенде және лайықты жалақы алуға немесе жеке кәсіп ашып, оны дамытуға мүмкіндік болған кезде табыс артады» деген сөздер көкейіме қона кетті. Президенттің айтып отырғаны рас. Егерде әр маман иесі өз кәсібінің қыр-сырын жетік меңгеріп, еселі еңбек етсе, табысы да тасқындап, пайдасы да артады. Осы орайда, халықтың әл-ауқатының өсуіне қолдау көрсету мақсатында және кәсіпкерлікті одан әрі қолдау мақсатында 2019 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан салық алымының рақымшылығын жүргізу керектігін айтты. Мемлекет басшысы біз секілді кәсіпкерлерді, жалпы шағын және орта бизнестегілерге ерекше қолдау танытты. Әсіресе «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзарту турасында айтқан тұсы осы бағдарламаға қатысушы ретінде менің көңіліме қатты жағып кетті. Енді мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге берілетін несие қаражатының көлемі де ұлғаяды. Бұл өз кезегінде бизнесті жетілдіріп, дамыта түсуге, бәсекелестік ортаны қалыптастыруға ықпалын тигізбек. Ерекше көңілден шыққан тағы бір мәселе ол халықтың әл-ауқатын көтеруге қатысты өте керемет жаңалық – ең төменгі жалақының 28 мыңнан 42 мыңға өсуі, бюджеттік сала қызметкерлері, әсіресе ұстаздар мен дәрігерлердің, халыққа қызмет көрсететін өзге де бюджеттік сала қызметкерлері айлығының 35 пайызға өсетіндігі.

Жалпы айтқанда, осы Жолдауда жаңалықтар өте көп болды. Енді сол алға қойған міндеттерді мемлекеттік органдармен бірге жүзеге асыруымыз ғана керек. Ең бастысы қолдау бар. Тек жақсы нәтижеге жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінгі күнде іске асырылып жатқан жұмыстың жемісін біз ғана емес, біздің ұрпағымыз да көретініне мен кәміл сенемін.

 

Жанболат Жоргенбаев,
облыстық мәслихат депутаты


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района