Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!

0
741

Бүгін ауданымызда «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық еске алу эстафетасы бастау алды. Бұл шараға ұйытқа болып отырған ҚР Ұлттық ұланы әскери бөлімі, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Биыл Ұлы Отан соғысы аяқталғанына да 75 жыл толып, халқымыз жақында жеңіс күнін тойлағалы отыр. Осы айтула мереке қарсанында еліміз бойынша 5 ақпан мен 5 мамыр аралығында «Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз!» атты республикалық эстафета өтеді. Аталмыш эстафетаны бүгін міне салтанатты түрде біздің Қарасай ауданы да қарсы алды. Аудандық Мәдениет үйінің алаңында өткен салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасарлары, ардагерлер, ауданымыздағы барлық құқық қорғау және қорғаныс органдарының өкілдері, ауданымыздың құрметті әрі зиялы қауымы мен жастары қатысты.

Шара алдымен Кеңес одағының батыры генерал-майор Панфилов атындағы Қызы тулы Суворов және Лениндік Режицкий Орденді 8-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін Алматы қаласы №28237 әскери бөліміне қабылдау рәсімінен басталды. Мұнан кейін ортаға шығып, ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік құқықтар жұмысы жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхамедқали Сатов пен тағы бір қатар азаматтар сөйлеп, бүгінгі бейбіт өмір үшін ажалмен бетпе-бет арпалысқа түсіп, бойындағы қасық қаны қалғанша туған елді қорғаудың өшпес ерлігін көрсеткен майдангерлердің ерліктерін жастарымыз ешқашанда ұмытпай мәңгі үлгі тұту керектігін айтып өтті.

Салтанатты рәсім аяталғаннан кейін жиналған қауым Мәдениет үйінің фойесінде соғыс кезіндегі солдаттардың лагері бейнеленген және де Бауыржан Момышұлының кітаптары қойылған көрмені тамашалыды. Бейбіт өмір үшін кеудесін отқа тосқан бабалар рухына тағзым етіп, осындай игі шара арқылы жас жауынгерлер санасына отансүйгіштік сезімін сініруді мақсат тұтқан тағлымынды шара ауданымыздың өнерпаздары ұйымдастырған патриоттық әндерге толы концерттік бағдарламаға ұласты.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь