Биыл облыстағы егістік көлемі бес мың гектарға артады

0
126

Алматы облысындағы егістік көлемі биылғы жылы 5 мың гектарға артатын болады, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Соның есебінен осы жылы игерілетін жердің ауқымы да ұлғайып, 1 млн гектарға жуықтайды. Жаңадан айналымға енген алқаптарға қант қызылшасы, жүгері, жемдік және дәнді-дақылдар егілетін болады. Сала мамандарының мәліметінше, өңірде 12 мыңнан аса техника тіркелген. Соның 96%-дан астамы көктемгі дала жұмыстарына дайын, сондай-ақ, соқа, тырма, тұқым себетін құрылғылар да кезекті әзірліктен өткен екен. Жұмысты сапалы жүргізу үшін жанармай қорын жеткізу жұмыстары да қолға алынған.

– Энергетика министрлігі тарапынан біздің облысқа 19 мың тонна сұйық отын қарастырылған. Оның ішінде наурыз айында 5300 тонна сәуір айында 73000 тонна, мамыр айында 6300 тоннаны құрайды. Бүгінгі күні ауыл шаруашылық басқармасы арқылы оператор таңдалып, олар наурыз айының нормасын ақшасы төлеп, 13 мамырдан бастап біздің 6 станцияға жеткізуде бір литрі 181 теңгені құрайды – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қоюмжан Омаров.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь