Биыл мешіттерде Құрбан айт намазы оқылмайды

0
488

Карантин кезінде мешіттер жабық болғандықтан, Құрбан айт намазы оқылмайды, деп мәлімдеді  ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы ОКҚ-ға өткен брифинг барысында, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

– Биыл Құрбан айт мерекесі ғұламалар кеңесінің бекітуі бойынша 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері аралығына сәйкес келеді. Дегенмен еліміздегі карантин мерзімі 2 тамызға дейін ұзартылғандықтан, бүкіл республика бойынша мешіттер жабық болады, соған байланысты 31 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды, – деді Наурызбай Қажы.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь