Биыл өңірлерге 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынады    

0
592

Биыл өңірлерге 807 жедел жәрдем көлігі сатып алынады. Бұл туралы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Жүсіпов айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы Hola NEWS сілтеме жасап.

«Қазақстан бойынша жедел медициналық көмек қызметі 18 дербес жедел медициналық көмек стансысынан, 87 қалалық кіші стансыдан және 288 аудандық жедел көмек бөлімшесінен тұрады. Республика бойынша жедел көмек шақыртуларына 1400-ге жуық жедел медициналық көмек бригадасы қызмет көрсетеді. Оның 23 пайызы мамандандырылған дәрігерлік бригада, 77 фельдшерлік бригада саналады», – дедіол.

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. Оның атап өтуінше, елімізде санитарлық автокөлікпен жабдықталу 93 пайызды құрайды. Қазіргі таңда 1967 санитарлық автокөлік бар. 2019 жылы жедел көмек автокөліктерінің тапшылығын жабу мақсатында өңірлерде 293 көлік сатып алынды.

«Биыл 807 көлік сатып алу жоспарланып отыр. Барлық көліктер отандық автокөлік өндірушілерден лизинг аясында сатып алынатын болады. Қазіргі уақытта жедел көмек көліктерін кезең кезеңімен дайындау және жеткізу жүргізіліп жатыр. Жалпы барлық көліктер осы жылдың қараша айының соңына дейін пайдалануға беріледі», – деді Бауыржан Жүсіпов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь