Биыл еліміздегі мектептерде жаңа оқу жылында жаңа пән пайда болады

0
343

Қазақстан мектептеріне жаңа пән енгізіледі деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматыда «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» атты жаңа пәннің таныстырылымы өтті. Жаңа пәнді 10-11 сынып оқушылары оқитын болады. Ересек сынып оқушыларын кәсіпкерлік қырларына баулитын аталмыш пән 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан мектептерінің барлығында 10-сыныптан бастап енгізілмек.

«2017-2018 жылдарда Қазақстанның 17 өңірінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»  пәнін оқытатын ілкі мектептердің тізімі жасалған болатын. Алматыда Ы.Алтынсарин атындағы №159 гимназия жаңа пәнді сынақтан өткізді. Қанатқақты пән оқушылардың кәсіпкерлік әліппесін меңгеруіне септігін тигізді. Оқушылар бірнеше бизнес-жобаны  сәтті қорғап, жүлделі орындар да алып үлгерді дейді білім ошағының директоры Эльмира Бидайбаева. Жаңа пәнді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұсынып отыр.

– Биылғы оқу жылында енді кез-келген 10-сынып оқушысы осы пәнді таңдай алады. Яғни, «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері»   ерікті пәндер қатарына жатқызылып отыр. Оқу бағдарламасында ол аптасына 2 рет, жалпы саны 68 сағат беріледі. Пәннің өзі теориялық және практикалық сабақтардан тұрады. Жаңа пән оқушылардың бизнеске икемін арттырып, экономикалық терминдерді біліп өсуіне, бизнес саласындағы құқықтық негіздерді еркін меңгеруіне бағытталады, – дейді Алматы қаласы бойынша кәсіпкерлер палатасының  адам капиталын дамыту бөлімінің сарапшысы Әлия Нұрышева.

 

 

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь