Территория Карасайского района — 2,2 тыс.км | Численность населения на 1 апреля 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,6 тыс.человек | сельское — 200,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 28189 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Бірлігімізді нығайтатын құптарлық іс - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Понедельник, 28 мая 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Бірлігімізді нығайтатын құптарлық іс
20:44, 02 мая 2017

Бірлігімізді нығайтатын құптарлық іс


1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Өзара түсіністік, ұстамдылық орнықтыру, әртүрлі ұлттар өкілдерінің рухани және мәдени құндылықтарына құрметпен қарау әдебі бүгінгі бейбіт заманымыздың тұғырын бекемдей түсті. Ал, осы 300-ге жуық этнос өкілдерінің  барлығын тату-тәтті қарыс-қатынаста ұстап, тыныштық пен тұрақтылық орнатқан Елбасының жуырда жариялаған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бірден көпшілік жүрегіне жол тартты. Өйткені, онда, қазақ елін рухани жаңғырту бағытында жүзеге асырылуы тиісті игілікті істерге кеңінен тоқталып, түпкі мақсатымыз әлемдегі ең дамыған отыз елдің қатарына қосылу мақсаты айтылғаны да, бұдан бөлек, латын қарпіне көшу мәселесі де көпшіліктің көңілінен шықты. Осыған орай, біз аудан халқының ойын білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізген едік.

Бексұлтан Сапаралиев, жеңіл өнеркәсіптің технологы:

– Мен Президентіміз айтқандай, латын әліпбиіне көшуді толық құптаймын. Өйткені, қаншама ұлт пен ұлыс татулықты ту еткен еліміз өркендеп, әлемдегі  дамыған 30 елдің қатарына кіруді алдына мақсат етіп отыр. Сол себепті де осы мәселені қолға алғаны өте құптарлық іс. Қазіргі кезде, барлық заманауи дүние латын әліпбиімен ұштасқан. Біз артқа қалып қалмас үшін осыны әсте-әсте енгізе беруіміз керек. Алайда, үлкендерге мұны қабылдау кішкене қиынға соғатын шығар. Бірақ, жастар, меніңше, тез үйреніп, оған өткенін байқамай да қалады. Сонымен қатар, осы арқылы болашақта бізге келетін шетелдік қонақтарға да тілімізді, дінімізді, дәстүрімізді үйренуге оңай болады.

 

 

 

 


Галина Владимирова, жеке кәсіпкер:

– Елбасымыз өзінің Жолдауларында және мақалаларында хиджабты, үш тілділік пен латын әліпбиіне көшуді көп қозғап жүр. Соның соңғысы латын қарпі мәселесі біздің өскелең ұрпағымыздың болашағы деуге болады. Жалпы, біз оған толық дайынбыз дей алмаймын, бірақ, бұл өте дұрыс шешім. Ең біріншіден, ол бізге беделді мемлекет болып көтерілуіміз үшін қажет. Оның көп пайдасы болмаса, зияны жоқ шығар деп ойлаймын. Сондықтан да, билік жағы бұл жайтқа тиянақты қараса, сол кезде ғана егілген ағаш жемісін бере бастайды. Баршамызды жаңару мен жаңғыруға жетелейтін бірлігіміз бекем болсын!

 

 

 

 


Тарас Муравлёв, сервис инженері:

– Бұл жаңа бастамаға мен оңтайлы көзбен қараймын. Өйткені, Әзірбайжан, Өзбекстан елдері кезінде латын әліпбиіне көп үмітпен қарап, өздеріне енгізіп алды. Қазір мемлекеттерінде өндіріс саласында көптеген өзгерістер болып, даму қарқынын сақтап отыр. Сол себепті де, латын қарпіне өту өте құптарлы іс. Тек, бұл мәселені өте мұқият ойластыру керек. Оның пайдасы мен зияны қалыптасқанына қарай шығады. Сондықтан, менің ойымша, оны ақырындап, Елбасы айтқандай, адамдарды асықпай үйретіп барып енгізу қажет. Ең бастысы, қазіргідей аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын!

 

 

 

 


Элизабет Ибрагимова, ағылшын тілі мұғалімі:

– Менімше, Қазақстан халқы мұндай жаңа бастамаға әлі де жақсылап, дайындалып, ол туралы түсініктерін молайта түсуі керек. Алайда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлығы құптап, қолға алса, әрине, көп қиындық кездеспес деп ойлаймын. Оны жүзеге асыру үшін ең алдымен білімді мұғалімдерді дайындау керек. Ал, пайдасына келер болсақ, латын қарпі, меніңше, елімізге келетін қонақтарға, туристерге қазақтың тілі мен дәстүрін үйренуге жағдай жасайды. Жалпы айтқанда, Елбасымыз барлығын жіті бақыласа, бұл бастама тілімізді де, елімізді де, ұлтаралық достастығымызды да жоғарыға көтеретініне сенімім мол. Мереке құтты болғай!

 

 

 

 


Ильяс Алиев, сатушы: 

– Президент Н.Назарбаев өз Жолдауында айтқандай, латын қарпі қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады. Сол үшін ешнәрседен қорықпай, ақырындап өту керек. Ең алдымен, жас ұрпақтың болашағын ойлау қажет. Латын әліпбиі біздің елді дамытуға, көркейтуге бағытталғаны айдан анық. Оның арқасында алдағы уақытта елімізде көптеген жақсы өзгерістер болады. Мен бұған сенімдімін! Лайым, осындай үлкен жаңғыруға жол ашқан көпұлтты, егемен еліміздің Көшбасшысы аман болсын!


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района