Территория Карасайского района — 2,0 тыс.км | Численность населения на 1 июня 2018 года – 264.1 тыс. человек | из них: городское – 65,2 тыс.человек | сельское — 201,4 тыс.человек | Темп роста составляет 102 % | Среднемесячная зарплата – 136686 тг. | Величина прожиточного минимума – 29509 тг.
Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района.Білікті де тәжірибелі дәрігер - Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района
Воскресенье, 21 октября 2018   Подписка на обновления  RSS  Письмо редактору
Популярно
Білікті де тәжірибелі дәрігер
9:05, 17 июня 2017

Білікті де тәжірибелі дәрігер


…Біз фототілші екеуіміз келісілген уақытта Алмалыбақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясындағы меңгерушінің бөлмесіне келгенімізде, алдында қаралу үшін, кезегін күткен сырқаттар көп отыр екен.

– Күнде осылай, – деді ол кісілерден бес минут күте тұруын өтінген Асылбек Ерубаев ішке енгенімізден кейін жұмысының мән-жайын айта отырып. – Өйткені, округімізде халық саны аз емес, жалпы басы ауырып, балтыры сыздамайтын адам жоқ қой. Сондықтан да  ем-дом алу үшін қаралушылар әрқашан көп.

Нақ осы жерде біз де дәрігерлер еңбегінің ерекше екенін, олардың көбіне уақытпен санаспай жұмыс атқаратынын, бұл кәсіптің дүниедегі ең ізгі мамандыққа жататынын тағы бір жақсы түсініп, түйсінгендей болдық.

Асылбек Ерубаевтың да аудандық денсаулық сақтау саласындағы медицина қызметкерлері арасында өз жолы, өзіндік орны бар. Өйткені, ол  білікті де  тәжірибелі дәрігер, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын білгір маман, адами қасиеті жоғары ақ ниетті азамат!

Асекең 1980 жылы Жамбыл медициналық училищесін бітіргелі бері адам жанының арашашысы ретінде үзбей жұмыс істеп келеді екен.

Ал, 1983 жылы білімін одан әрі қарай жоғарылатып, мамандығын толыққанды игеру мақсатын орнықты ойлаған жас жігіт Алматы мемлекеттік медицина институтына түсіп, оның емдеу факультетін 1989 жылы аяқтап шығады. 1990 жылы, интернатурадан соң осы ауданға жолдамамен жіберіледі.

Сонымен, мұндағы қызметін Политотдел  учаскелік ауруханасында терапия бөлімшесінің меңгерушілігінен бастаған. Ал, 1991жылы Алмалыбақ учаскелік ауруханасына ауысып, мұнда да терапия бөлімшесін басқарса, 2000 жылы Алмалыбақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясында дәрігер, меңгеруші болған.

Асылбек Абдымомынұлы мұнан кейін, атап айтқанда, 2006-2010 жылдары Қарасай  аудандық емханасына жемісті жетекшілік етіпті, 2010-2012 жылдары аудандық орталық аурухана терапия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін абыройлы атқарыпты.

Міне, бес жыл болды, Алмалыбақ ауылдық дәрігерлік амбулаториясын байыпты басқарып  отыр.

– Медициналық мекемеміздің қамтитын аумағы үлкен, – дейді бізбен әңгімесінде Асекең. – Олар – осы Алмалыбақ және Жалпақсай, Долан, Құмтоған ауылдары мен 19-шы шақырым делінетін елді мекен. Бұл жерлерде жалпы 13298 адам тұрады. Амбулаториямызда 35 адам істесе, оның 10-ы дәрігер, 16-сы медбике. Осыншама халықтың денсаулығының қырағы күзетінде тұрып, әрдайым өз міндетімізді талапқа сай атқаруға күш салудамыз. Басты мақсатымыз, әрине, түрлі сырқаттың алдын алу, ал, ол бола қалған жағдайда сапалы кәсіби медициналық қызмет көрсету, яғни, емдеу, жазу.

Дәрігерлік қызметінде үнемі емделушілердің ризашылығына бөленіп жүрген терапевт-дәрігер талай рет грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталған.

Асылбек Абдымомынұлы сүйіп қосылған жары Гауһар екеуі берекесі мен мерекесі мол  орнықты отбасын құрған. Екі ұлдары да жоғары білімді, жақсы жұмыстары бар, яғни, өмірден өз орындарын тапқан.

– Мына келіп жеткен кәсіби мерекемізбен барлық әріптестерімді шын жүректен құттықтап, денсаулық күзетіндегі жауапты істерінде табыс, жетістік тілеймін! – дейді Асекең ағынан жарыла.

Біз де «Мейрамыңыз – медицина қызметкерлері күні құтты болсын, алдағы кездерде де ел алғысын ала беріңіз, Асылбек Абдымомынұлы!» дейміз.


Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

© 2018 Karasayinfo.kz | Новости Карасайкого района