Бетперде таратқан белсенді еріктілер

0
67

Қарасайлық еріктілер тегін медициналық маска таратты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Көпті алаңдатқан коронавирусқа байланысты елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде қарасайлық еріктілер белсенділік танытып, барынша жан-жақты қол ұшын созуда.
Өздеріңіз білетіндей, әлемді әуреге салған індеттің біздің елге де жетіп, оның саны күн өткен сайын артып келеді. «Сақтықта қорлық жоқ» дегендей, вирустан қорғану кезінде медициналық масканың қажеттілігі қатты білінеді. Ал, осындай санитарлық талапқа сай бетпердені өз қолдарымен тігіп, аудан бойынша көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға, қарт адамдарға, сондай-ақ, жалғыз басты аналарға тегін таратуды мақсат еткен аудандық Жастар ресурстық орталығы еріктілерінің қайырымды ісін ерекше айтуға болады. Волонтер жастарға Қаскелең қаласының белсенді тұрғыны Мадина Кішкентаева да қол ұшын созып, барынша үлес қосқанын да айта кеткен жөн. Бүгін аталған аудан еріктілері іскер әйелмен жүздеген медициналық бетперделерді бірге тігіп, кейін бірқатар көп балалы отбасылардың үйлеріне барып таратты. Бұл бастаманы қарасайлық жас белсенділер алдағы күндері де жалғастыруды жөн көріп, қариялар мен тұрмысы төмен жандарға, жалғыз басты аналарға жеткізуді көздеп отыр. Сонымен қатар, күні бүгін волонтерлер «Апорт» сауда орталығының «Наурыз жардемі» атты қайырымды акциясын қолдап, олардың ұсынған азық-түліктерін аудан бойынша көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, жалғыз басты қарттарға табыс етті. Аталған сауда орталығының басқа да азық-түліктері еріктілердің көмегі арқылы жақын уақытта басқа да қала және округ бойынша тұратын жоғарыда аталған отбасыларға, қарияларға тағы да таратылатын болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь