Белгілі дизайнер Берік Исмаилов қайтыс болды

0
371

Танымал қазақстандық дизайнер Берік Әбдішұлы Исмаилов ауыр дерттен көз жұмды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.

Қайғылы жайтты ҚР Сенат депутаты, тележүргізуші Дана Нұржігіт әлеуметтік желіде хабарлады.

«Коронавирус елімізге қауіп төндірген алғашқы күннен-ақ тегін маска тігіп, таратып, бүкіл шәкірттерін сол жұмысқа жұмылдырған патриот, тамаша дизайнер, елгезек жан Берік Исмаилов ағамызды да сұм ажал, беті жаман індет арамыздан алып кетті. Екі жылдай бұрын жүрегіне ота жасатып, ауыр кеселді жеңіп, қатарға қосылып, әдетінше еңбекқор адамның тынымсыз тіршілігіне кірісіп кеткен еді. Қаншама өнерпазға костюм тігіп, қаншама адамды тігіншілік өнерге баулып, шәкірт тәрбиелеген ұстаз едіңіз! Нарықтың тілін меңгерген нағыз іскер азамат! Алматының Әуезов пен Тимирязев көшесін Беріктің шеберханасынсыз елестету, әсте, мүмкін емес еді! Сол көшенің жарқыраған шамы өшкендей бүгін… Бақұл болыңыз, Жақсы Адам!», деп жазды Д.Нұржігіт өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Берік Исмаилов әлемге аты шыққан әнші Димаш Құдайбергеннің «Славянский базар» байқауында киген сахналық киімдерін тігіп берген. Ол өмірінің соңғы 24 жылын осы салаға арнаған еді.
Сондай-ақ, марқұм карантин уақытында маскалар тігіп, тегін таратқан жомарт жандардың бірі

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь