Беларусь халқы жаппай шетел валютасын сатып алып жатыр  

0
220

Беларусь халқы банктегі ақшаларын түгел шешіп, шетелдік валютаны сатып алып жатыр,  деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы  «Хабар24» сайтына сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, қолма-қол ақшаны шешіп, долларды сатып алу үрдісі елде биыл бірінші рет болып жатқан жоқ. Мұндай жағдай алғаш рет наурыз айында байқалған екен. Елде долларға деген сұраныс жоғарылаған.

Америкалық Moody’s қаржы агенттігінің мәліметінше, депозиттердің 10 пайыздан астамының шешілуі Беларусь банк жүйесіне кері әсер етеді. Бұл алтын-валюта резервіне салмақ түсіруі ықтимал дейді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь